Банк пен қаржы

Tele2-ні қатарлық инвесторға сатқан «Қазақтелекомның» иелігінде қандай компаниялар қалды?

Tele2
Фото: «Қазақтелеком»

Tele2 байланыс операторын Қатар инвесторына сатқан «Қазақтелекомның» иелігінде 8 компанияның үлесі бар. Қазақстан қор биржасына жолдаған хабарламасында компания «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ны иелігінен шығарғаны жазылған.

«Қазақтелеком» компаниясы «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ны қатарлық Power International Holding холдингіне сату туралы мәмілені қаңтарда толық жапты. Енді компания меншігінде:

  • «КТ-АЙИКС» Жауапкершілігі шектеулі қоғамы;
  • «Ауыл Телеком» ЖШС;
  • «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС;
  • «НУРСАТ+» ЖШС
  • «КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШ-ның 100 пайыз акциясы бар.

Сонымен қатар «Кселл» акционерлік қоғамының 51% үлесін, CASPINET B.V. 50% акциясын, Phoenix Fund Limited Partnership шектеулі cеріктестігінің 49,98 % акциясын иеленеді.

Сауда-саттық сәтті өткенін хабарлағаннан кейін, «Қазақтелеком» акциялары қымбаттап кетті. Бір күнде 7 пайыз косып, 47,6 мың теңгеден саудаланып жатыр.

Ал «Қазақтелекомның» негізгі бенефициарлары: «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры (71,32%) мен First Heartland Jusan Bank (8,1%).

Бұған дейін «Қазақтелеком» Kcell байланыс операторын сатуды жоспарлап отырмағанын хабарлаған.