Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Астана мен Алматыдан Вьетнамның Фукуок қаласына ұшатын маусымдық рейстерді Нячанг қаласына ауыстырды.
Фукуокқа рейстер күз бен қыс маусымында ғана болады. Ал көктем мен жазда рейстер Нячангке ауысады.
Жаңа бағытқа Алматыдан ұшу 30 наурызда (сейсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі), Астанадан – 31 наурызда (дүйсенбі, бейсенбі, сенбі) басталады. Нячангке ең жақын әуежай Камран қаласында орналасқан.
Алматыдан ұшу уақыты шамамен 8 сағатты, ал Астанадан ұшу шамамен 8 сағат 40 минутты құрайды.
Бағасына келсек, Алматыдан эконом-класс 371 175 теңгеден, Астанадан 423 652 теңгеден, бизнес-класс Алматыдан 1 040 312 теңгеден, Астанада 1 040 101 теңгеден басталады.
«Алматы-Камрань рейсі 23.35-те ұшып кетіп, келесі күні 09.20-да қонады. Камрань-Алматы рейсі 10.50-де ұшып кетіп, 16.45-те қонады. Астана-Камрань рейсінің 23: 00-де ұшып, келесі күні 09.20-да қонады. Камрань-Астана рейсі 10.50-де ұшып кетіп, 17.50-де қонады», – делінген хабарламада.
Нячанг – Вьетнамның оңтүстігінде орналасқан курорт қала. Қазақстан азаматтары Вьетнамда 30 күнге дейін визасыз жүре алады.