Израиль мен Хамас келісімі бұзылды. Екі жақ бір-бірін кінәлап отыр

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Израиль мен Хамас келісімі бұзылды / Фото: архив kursivmedia

Израиль мен Хамас арасындағы бүгін күшіне енуі тиіс келісім бұзылды. Израиль тарапының хабарлауынша, Хамас соңғы сәтте кейбір келісімдерден бас тартқан.

Осыған дейін талқы болған мәмілеге сәйкес, 19 қаңтардан бастап атыс тоқтап, кепілге алынғандар мен тұтқындарды айырбастап, Израиль әскері шегінуі қажет еді.

Израиль премьер-министрі Беньямина Нетаньяхудың кеңсесінің хабарлауынша, палестиналық Хамас қарулы тобы соңғы сәтте Израильмен мәміледегі кейбір шарттардан бас тартқан.

«Хамас келісімге келуге кедергі келтіретін соңғы сәтте дағдарыс тудыратын келісімдерден бас тартады», — делінген хабарламада.

Израиль тарапы делдалдар Хамас құжаттың барлық бөлігімен келісетінін растағанға дейін Үкімет отырысының күні белгіленбейтінін хабарлаған.

Al Jazeera басылымының жазуынша, Хамас келісім бойынша оқ атуды тоқтатуға дайын.

Израиль мен Хамас арасындағы келісімге сәйкес, 19 қаңтардан бастап Газа аймағында оқ ату тоқтауы қажет. Наурыз айының басына дейін тараптар кепілге алынған азаматтар мен тұтқындарды алмастырады. Израиль әскерлері шекараға шегінеді. Бірінші кезеңде Хамас Израильге кепілге алынған 33 адамды береді деп болжанған.

Екінші және үшінші кезең кейірінек талқыға түседі. Хамас өкілдері бұл шарттармен келіскендерін хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз