Lifestyle

Nokia смартфондар нарығынан біржола кететін болды

Nokia смартфондар нарығынан біржола кететін болды
Nokia смартфондар нарығынан біржола кететін болды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Nokia брендімен құрылғылар жасап, сататын Финляндияның HMD Global компаниясы енді бұл брендтің смартфондарын шығармайды және  сатпайды.

Nokia смартфондары мен планшеттері ескірген. Олардың жаңа модельдері мүлдем шықпайтын болды.

Енді компания өз брендінің атын өзгертіп, HMD Key, HMD Arc, HMD Fusion және өзге де жаңа атауларымен соңғы модельдегі смартфондар шығарады.

Technetbooks порталының жазуынша, HMD Global толығымен өз брендін пайдалануға көшкен. Смартфондар дәуірінде 2000-шы жылдардың басында ұялы телефондар нарығында жетекші орын алған Nokia компаниясы айтарлықтай бәсекелестікке тап болғаны атап өтілді. 

Айта кетейік, 2016 жылға дейін Nokia бренді Microsoft корпорациясына тиесілі болған. Компания 2010 жылы бәсекелестеріне ілесу үшін брендті жандандыруға тырысқан. Алайда смартфондар бәсекеге қабілетті болмай бренд HMD компаниясына сатылды.

2023 жылы осы компания брендті қайта жандандырып, жаңа модельдегі смартфондар шығаруды бастаған. Алайда бұл апгрейд те брендтің танымалдығын қайтара алмады.