Жаңалықтар

Тоқмәди түрмеден ерте босап шығу туралы сотқа қатысудан бас тартты

Тоқмәди түрмеден ерте босап шығуға қатысты сотқа қатысудан бас тартты
Тоқмәди түрмеден ерте босап шығуға қатысты сотқа қатысудан бас тартты / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін кінәлі деп танылып 10 жыл 6 айға сотталған Мұратхан Тоқмәди жазасын жеңілдетуді сұрап сотқа жүгінген. Алайда 16 қаңтарда Қонаев қаласында өткен сотқа қатысудан бас тартқан.

2025 жылдың 13 қаңтарында Тәтішевтер отбасының адвокаты Анна Чернова мерзімінен бұрын босап шығу үшін Токмәдидің сотқа қайта жүгінгенін жазды. Осыған дейін ол 7 жылға жуық уақыт қамауда болған.

16 қаңтарда Қонаев қалалық сотында Тоқмәдидің өтініші қаралуы тиіс болған. Алайда ол сотқа қатысудан бас тартып, жаза мерзімін қысқарту туралы өтінішті қараусыз қалдыруды сұраған. Оның бұл өтінішіне прокурор мен адвокаттар қарсылық білдірм еді. Сондықтан сот Тоқмәдидің жаза мерзімін қысқарту туралы өтінішін қараусыз қалдыру туралы шешім шығарды.

Мұратхан Тоқмәди – «ТұранӘлем Банкі» басшысы Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған кәсіпкер. Оқиға 2004 жылы болғанымен, Тоқмәдиге айып 2018 жылы тағылып, сол жылы сотталған. 2024 жылдың қыркүйегінде ол мерзімінен бұрын босап шығуды сұраған. Бірақ Алматы облысының соты оның бұл өтінішін қанағаттандырмай, ол жазасын әрі қарай өтеуі керек деп шешкен. Кейіннен Тоқмәди Қонаев қалалық сотына тағы бір шағым түсіргені белгілі болған.

Тоқмәдиге қатысы бар тағы сот процессі жүріп жатыр. Оның жақын туыстары Oi-Qaragai курортының өкілдерімен соттасуда. Отбасы мемлекеттік жерді босатқысы келмеген. Курорт заңгерлері оның әйелі мен әпкесін сотқа берген.