Қазақстанның батысында автожолдар уақытша жабылды

Жарияланды
дороги
Жолдарды сағат 23:50-де ашу жоспарланып отыр. / Фото: shutterstock

Қазақстанның батыс өңірлерінде – Маңғыстау және Атырау облыстарында ауа райының қолайсыздығынан маңызды күре автожолдар жабылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады.

«Ауа райының бұзылуына байланысты 2025 жылғы 16 қаңтар сағат 21:30-да Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау автожолының 210-220 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атырау облысының шекарасы – Боранқұл ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды»,-делінген хабарламада.

Атырау облысында аталған автожолдың 0-210 шақырымында, атап айтқанда Доссор ауылы-Қисымбай ауылы арасында да қозғалыс шектелген. Жолдарды сағат 23:50-де ашу жоспарланып отыр.

Мұның алдында ҚазАвтоЖол Ұлытау облысы мен Ақмола облысындағы республикалық автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жолшылар жолдың бойын қардан тазалап, көктайғаққа қарсы материалдар сепкен.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында да кейбір автожол учаскелерінің жабылғаны туралы жазғанбыз. 

Сондай-ақ оқыңыз