Банк пен қаржы

АҚШ-тың санкция тізіміне іліккен қырғыздың Керемет Банкі қарсы шағым түсірмекші

керемет банк
Керемет Банк АҚШ Қаржы министрлігімен келіспейді / Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Керемет Банкі» АҚШ Қаржы министрлігінің санкция салуына қатысты пікір білдірді. Қаржы ұйымы өзінің ресми хабарламасында, министрлік шешіміне қарсы шағым түсіретінін мәлімдеді.

«АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау Кеңсесінің біздің банк тарапынан қателік кетті деген мәлімдемесіне қарсы шағым түсіру үшін OFAC -ке сауал жібереміз» , – деп жазылған қаржы ұйымының сайтында.

Банк хабарлауынша, қазір барлық бөлімшелер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Аталған жағдай банктің әрекетіне әсер етпеген.

Бұған дейін АҚШ Қаржы министрлігі қырғыздың Керемет Банкіне қарсы сакнция салып, антиресейлік санкцияларды айналып, әрекет етіп отыр деп айыптаған еді.