Банк пен қаржы

2024 жылы экономикаға берілген кредит көлемі 22% өсті

Кредит көлемі ұлғайып, 40,9 трлн теңгені құрады / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2024 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, экономикадағы кредиттер ұлғайып 40,9 трлн теңге құрады. Бір жыл ішінде көрсеткіш 22,3%-ға артқан деп хабарлайды Ұлттық Банк.

Кредиттердің жалпы көлемінің 46,0%-ы бизнеске тиесілі. Ал 54,0%-ы – халыққа берілген борыш.

Бизнеске берілген кредит өткен жылмен салыстырғанда 20,6%-ға өсіп, 18,8  трлн теңгені құрады. Ал қарапайым халыққа берілген несие 23,7%-ға 22,1 трлн теңгеге дейін өскен. Сондай-ақ несие ішінде долларға қарағанда теңгемен берілген кредит көлемі әлдеқайда көбейген.

«Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір жылда 18,9%-ға 36,8  трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында 64,0%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Банк секторы кредиттердің жалпы көлемінің 85,8%-ын құрады», – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық Банк елдегі коммерциялық банктер мен төлем жүйелері халықаралық ISO 20022 стандартына көшірілгенін хабарлаған еді. Толығырақ мына жерден оқуға болады.