АҚШ Қазақстанмен саудаға шектеу қоятын Джексон-Венико түзетуін алып тастай ма?

Жарияланды
Марк Рубио
Марк Рубио Джексон-Венико түзетуін алып тастау керек дейді / Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ мемлекеттік хатшысы лауазымына үміткер Марк Рубио Орталық Азия елдеріне қатысты Джексон-Венико түзетуін алып тастауға шақырды.

Бұл мәлімдеме Рубионың мемлекеттік хатшылыққа кандитаттығын қараған Сенаттағы тыңдалымда айтылды.

«Сенатор Гарри Питерс екеуміз осы аймақ үшін (Орталық Азия) Джексон-Вэнико түзетуін алып тастап, Қазақстан және Өзбекстанмен қалыпты сауда қарым-қатынасын құруды ұсындық. Сіз бізбен бірге осы түзетуді алып тастауға дайынсыз ба?», – деп сұрады Рубиодан тыңдалымда сенатор Стив Дэйнс.

Марк Рубио бұл түзетуді «ескінің қалдығы» деп бағалайды.

«Тыңдаңызшы, бұл өткен дәуірдің қалдығы. Кейбіреулер адам құқығы саласында Ресейге қарағанда бізбен бірге батыл әрекет ету үшін ықпал етуші құрал ретінде сақтап қалу керек дейді. Бірақ бұл кейстің өзі абсурд. Қазақстанды Америка нарықтық экономика деп мойындаған. Олар екі жыл бұрын ғана ДСҰ-ға қабылдаған» – деп атап өтті Рубио.

Былтыр, 2024 жылы жазда Сауда министрі Арман Шаққалиев АҚШ елшісі Кэтрин Таймен кездесуінде Джэксон-Венико түзетуін алып тастауды талқылаған еді.

Джексон-Вэника түзетуі 1974 жылы «қырғи-қабақ» соғыстың кезінде қабылданған. Оның аясында АҚШ адам құқығын бұзатын мемлекеттермен, нақты айтқанда КСРО елдерімен саудаға, мемлекеттік кредит беруге шектеу салған.

Сондай-ақ оқыңыз