Банк пен қаржы

Ірі алтын өндіруші компания артықшылығы бар акциялары үшін 47 мың теңге дивиденд төлемек

Фото: kursiv.media

Қазақстандағы ірі алтын өндіруші компанияның бірі – «Алтыналмас» АҚ артықшылығы бар акциялары үшін 2024 жылдың IV тоқсанына 47 мың теңге дивиденд төлемек. Бұл туралы Қазақстан қор биржасындағы хабарламада жазылған.

Артықшылығы бар бір акцияға төленетін дивиденд көлемі – 125 теңге. «Алтыналмастың» артықшылығы бар акцияларының саны 5 мыңнан асады. Соның 377-сі айналымда жүр. 47 мың теңге дивиденд осы акциялар үшін төленеді. Дивиденд төлеу 2025 жылдың 14 қаңтарынан басталады.

Компания 2024 жылдың қараша айында қарапайым акциялар үшін 67 млн теңге төлейтінін хабарлаған.

«Алтыналмас» холдингі қазақстандық алтын өндірушілердің ірі үштігіне кіреді. Компания акционерлері: GOUDEN RESERVES B. V. (қарапайым акциялардың 55,8%), Владимир Жұманбаев. Компанияның түпкілікті иесі және бақылаушы тарабы – Family Trust атынан әрекет ететін Trustee Pte Ltd компаниясы.

«Алтыналмас» Доре құймаларындағы алтынды өндіреді, одан әрі өңдеу үшін Астанадағы «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытына жіберіледі. Тазартылған алтынды Қазақстан Ұлттық Банкі сатып алады. Компанияның 13 еншілес компаниясы бар