ХАМАС пен Израиль атысты тоқтату туралы келісімге келді. Бірақ Тель-Авив әзірге толық мақұлдамады
Нетаньяху кеңсесі Дохадағы делегациялармен ХАМАС-пен келісімге қол қойылғанын растады, бірақ оны үкіметтің мақұлдауы кейінге қалдырылады деп хабарлады ВВС-дің орыс қызметі
Израиль премьер-министрінің кеңсесі Дохадағы келіссөздер барысында делегациялардың бітім туралы келісімге қол қойғанын ресми түрде растады. Алайда Израиль үкіметі бұл келісімді сенбіге дейін талқылап, бекіте алмайды деп хабарлаған израильдік басылымдар Нетаньяху кеңсесіне сілтеме жасап.
16 қаңтар күні Нетаньяху кеңсесі ХАМАС-пен бітім туралы келісімді мақұлдау мүмкін емес екенін мәлімдеген. Себебі ХАМАС соңғы сәтте кейбір келісімдерден бас тартып, жаңа тармақтарды қосуға тырысқан.
Израиль мақұлдамайынша, келісім күшіне енбейді. Times of Israel және Jerusalem Post газеттерінің хабарлауынша, премьер-министр жұма күні әскери кабинет жинап, келісімге дауыс береді. Бірақ ХАМАС-пен жасалған келісімді үкіметтің толық құрамы бекітуі керек, ал ол сенбі кешіне дейін жинала алмайды деп жазды Нетаньяхуның баспасөз қызметі.