Қазақстанның автокөлік одағы 2024 жылғы сатылым қорытындысын жариялап, оның нәтижесі бойынша автокөлік нарығының көшбасшысы болып Hyundai танылды.
2024 жылы қазақстандықтар 44 218 Hyundai автокөлігін сатып алған. Бұл –республикадағы ең көп сатылатын 10 брендтің ішінде бірінші орын. Аталмыш бренд бұл позицияны екінші жыл (2023, 2024жж.) қатарынан сақтап келеді.
2024 жылдың желтоқсанында бір айда 6300 автокөлік сатылып, автокөлік сатылымы ресми статистикасы тарихында нарықтағы рекорд орнатты. Сатылым бестселлері -Hyundai Tucson кроссовері. Былтыр қазақстандық дилерлер аталған модельден 22 389 автокөлік сатқан. Hyundai модельдер қатарындағы ең көп сұранысқа ие бестікке Elantra, Santa Fe, Sonata және Palisade енді.
Қазақстан бойынша ресми дилерлерде Hyundai Trans Kazakhstan Алматы зауытында шығарылатын Hyundai Tucson, Elantra, Santa Fe, Sonata, Palisade, Mufasa, Staria және Custin модельдері ұсынылған. Жаңартылған Tucson, Mufasа, Custin және 2025 жылғы Elantra автокөліктерінің мультимедиялық жүйесінің интерфейсі қазақ тілінде қолжетімді.
Бұл ретте автокөлік сарапшысы Олжас Оқас:
«Соңғы жылдары ел нарығында Қытай брендтері қаптағанына қарамастан Hyundai лидерлік позицияны сақтап келеді. Бұл – Қазақстан халқының кәріс маркасына артқан сенімі! Tucson – саудада үздік модель. Ал Santa Fe статусы бойынша жетістік символына айналғандай. Hyundai Алматыда өндіріс қарқынын күшейтіп, тұтынушыларын жаңа модельдермен қуантады деген сенімдемін! » – дейді.
Hyundai дилерлік желісі Қазақстанның 21 қаласында бар. 2026 жылға қарай компания республикадағы Hyundai дилерлік орталықтарының санын 40-қа жеткізуді жоспарлап отыр.
2024 жылдың шілдесінен бері Hyundai автокөліктерін Mycar.kz жаңа автокөлік маркетплейсінде сатып алуға болады. Аталған қосымша сізге онлайн өтініш берген сәттен бастап 25 минут ішінде мемлекеттік нөмірі бар, толықтай рәсімделген автокөлікті алуға мүмкіндік береді. Былтыр 6 айда Mycar.kz. маркетплейс арқылы 1230-дан астам көлік сатылып, оның 40% Hyundai брендіне тиесілі болды.
Бренд клиенттері қолданып жүрген танымал қаржы бағдарламаларының қатарында Hyundai Finance та бар. Ол арқылы бастапқы жарнасы – 0%-дан басталатын, сыйақы мөлшерлемесі 0,1%-дан, мерзімі серіктес банктің шарты мен автокөлік моделіне байланысты 7 жылға дейін несие алуға мүмкіндік бар.
«Астана Моторс» компаниясы жаңа және қазір жүзеге асырып жатқан жобаларына инвестиция салып, үнемі дамып келеді. Қазіргі уақытта «Астана Моторс» өзінің еншілес Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорнына (2020 жылдан бастап Алматы қаласының Индустриалды аймағында жұмыс істейді) реинвестиция жасап, дәнекерлеу, бояу және құрастыру цехтарында роботтарды орнату арқылы өндірістік қуатын арттыру бойынша ауқымды жаңғыртуды жүзеге асырып жатыр.
2025 жылдың қаңтар айында зауытта демонтаж жұмыстары жүргізіліп, жаңа қондырғыларды монтаждау басталып кетті. Модернизация 2025 жылдың наурыз айына дейін аяқталады. Сол кезде компания Hyundai Santa Fe үшін шағын торапты өндірістік желіні іске қосылады. Осылайша, Hyundai Trans Kazakhstan тағы бір модельді дәнекерлеу мен сырлауды игеріп, технологиялық операциялардың жаңа деңгейіне көшеді, ал шағын тораптық өндірістің қуаты екі есеге артады.
«Астана Моторс» автокөлік өнеркәсібін дамытумен қатар, автобөлшектерін шығаруға да мақсат қойған. Өткен жылы компания оңтүстіккореялық Motrex және Youngsan жетекші компанияларымен бірлесіп, мультимедиялық жүйелер мен автокөліктерге арналған орындықтарды локализациялауды қолға алды. Жұмсақ көбікпен толтырылған автокөлік орындықтарының пилоттық партиясы қазірдің өзінде сынақтан өтті. 2025 жылдың ақпан айында орындық шығаратын зауытты ресми түрде ашуды жоспарлап отыр.
Автокөлік бөлшектерін шығаратын екі зауыттың қуаттылығы жылына 100 мың жиынтықты құрайды. Қазақстандағы Hyundai туралы қосымша ақпарат Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторының сайтынан біле аласыз.