Qaznews24 cатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебек ұсталды
Полиция Qaznews24 cатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебек ұстағанын растады. Оған «ұлтаралық араздықты қоздырды» деген айып тағылып отыр.
«Қазіргі кезде Алматы қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы әлеуметтік желідегі жарияланымдар арқылы ұлтаралық араздықты қоздыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр», – делінген полиция хабарламасында.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, осы қылмыстық заңбұзушылықты жасау күдігімен «пабликтердің бірінің авторы» ұсталып, уақытша изоляторға қамалған.
Мұның алдында бір топ белсенді Qaznews24 cатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекті полиция ұстап әкеткенін, үйі тінтілгенін хабарлаған болатын. Оның үстінен «әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни алауыздық қоздыру» бабымен қылмыстық іс қозғалуы ықтимал екенін де жария еткен-ді.