Миллиардер Илон Масктің SpaceX компаниясына тиесілі Starship зымыраны сынақ кезінде әуеде жарылып, соның салдарынан Оңтүстік Техаста әуе рейстері кейінге қалдырылды. Бұл туралы Reuters басылымы жазды.
Зымыран Оңтүстік Техастағы ғарыш айлағынан Астана уақыты бойынша таңғы сағат 4.38-де ұшырылып, сегіз минуттан кейін байланыс үзіліп, жарылыс болған. Апат зымыранның екінші сатысының жұмыс кезінде болғандығы атап өтілді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа қозғалтқыштағы сұйық оттегінің ағып кетуі себеп болуы мүмкін. Бұл құрылымның бұзылуына әкеліп, өрт басталған.
«Сұйық оттегінің ағып кетуі желдеткіштің өткізу қабілетін баяулатып, қозғалтқышқа қысым түсіп, жарылыс болды», – деді компания басшысы Илон Маск.
Куәгерлер кеменің сынықтары Гаити аспанында ұшып бара жатқанын көрген. Федералды авиация басқармасы бұл аймақтағы әуе кеңістігін жауып тастап, Мексика шығанағының үстіндегі рейстерді қайта бағыттауға тура келді.
Маск тарихтағы «ең қуатты зымыранды ұшыру» келесі айға жоспарланатынын жазды.