Жаңалықтар

Криптовалюта дәуірі. 2025 жылы биткоин бағасы 249 мың долларға дейін көтерілуі мүмкін

биткоин бағасы
Биткоин бағасы 2025 жылы 249 мың долларға жетуі мүмкін / Фото: kursiv.media

CryptoQuant платформасының сарапшылары Дональд Трамп президенттік қызметке кіріскен соң, криптовлюта дәуірі басталады деп болжайды. АҚШ президентінің криптовалютаға қатысты саясаты нарықта үлкен өзгеріс жасап, 2025 жылы биткоин құны 249 000 долларға дейін көтерілуі мүмкін.

Болжамға сәйкес, АҚШ-тағы қолайлы саяси және экономикалық жағдай бірінші кезекте биткоин капиталына оң әсер етеді. Капиталдандыру көлемі 520 млрд долларға дейін жетіп, биткоин бағасының 145 000 доллардан 249 000 долларға дейін артуына жағдай жасауы мүмкін.

Ал соңғы айда төмендеп жатқанын сарапшылар уақытша құбылыс деп санайды. Қазір биткоин бағасына ФРЖ саясатына қатысты нарықтағы адаңдаушылық әсер етіп жатыр. Мамандар нарықтағы алаңдаушылық басылған соң, биткоин бағасы шарықтап кететініне сенімді.

Ал JAN3 компаниясының бас директоры Самсон Моу биткоин бағасы 1 млн долларға жетуі мүмкін деп болжайды. Моу тіпті күн сайын 100 мың долларға өсіп отырады деп болжайды.

«Бастапқыда баға күніне 10 000 доллардан өсіп отырады. Содан кейін күнделікті 100 000 долларға бірақ секіреді», – дейді ол.