Жаңалықтар

АҚШ чип экспортына шектеу салғаны үшін Қытай қарсы тексеріс бастады

Қытай америкалық чипмейкерлерге қарсы тексеріс жүргізеді / Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қытай билігі америкалық чип өндірушілерін тексеріп бастамақшы. Бұл Вашингтонның технологиялық санкцияларына қарсы Бейжің үкіметінің жауабы деп жазады Financal Fimes.

ҚХР Сауда министрлігі АҚШ нарықтағы ойыншыларға қаншалықты әділетті екенін тексермекші. Қытай өнімдерін нарықтан заңсыз шығарып тастаған жоқ па деген мәселені де қарайды. Ведомствоның хабарлауынша, тексеріс осы саладағы жергілікті яғни қытайлық кәсіпкерлердің наразылығынан кейін басталған.

Әзірге нақты қандай чип өндірушілерге қарсы тексеріс басталатыны белгісіз. Айта кетейік, әлемдегі бұл саладағы ең ірі ойыншылар – америкалық Texas Instruments Inc. және Analog Devices Inc. Олар шығарған өнімдер автомобильдер мен тұрмыстық техникада пайдаланылады.

Негізі бұған дейін АҚШ Бейжіңді халықаралық сауда қатынастарын бұзып, жеке компанияларын ашық түрде қаржыландырып отыр деп айыптаған. Америкалық және еуропалық шенеуніктер қытайлықтар базалық чиптер жаһандық нарықты толтырып жіберуі мүмкін деп қауіптенеді.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден ЖИ жүйесіне арналған жоғары технологиялық чиптердің экспортына тыйым салған еді. Яғни Американың одақтастарынан бөлек 120 елге чип жеткізуге шектеу қойылды. Оның ішінде Қытай да бар.