Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясындағы мұнай өндірісі бойынша өтемақы мерзімін ұзартты

Жарияланды
Опек+
Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясындағы өтемақы мерзімін ұзартты/ Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан ОПЕК+ аясында мұнайды қайта өндіру бойынша өтемақы мерзімін 2026 жылдың маусымына дейін кейінге шегерді. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді.

«2024 жылы желтоқсанда ОПЕК+ елдерінің кездесуінде ОПЕК+ келісіміне қатысатын елдер арасындағы өз міндеттемесінен артық мұнай өндіріп қойған елдер үшін өтемақы мерзімі 2026 жылдың маусымының аяғына дейін ұзартылды», – деп жазылған министрлік баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.

Былтыр Bloomberg Қазақстан ОПЕК+-тің мұнай өндіру квотасын жүйелі түрде бұзып жатыр деп жазған еді.

Бірақ жыл соңында Энергетика министрлігі ОПЕК+ келісіміне сай, өз міндеттемесінен ауытқымайтынын мәлімдеген. ОПЕК+ талабы бойынша, 2025 жылы Қазақстан тәулігіне 41 мың баррельден артық мұнай өндірмеуі керек.

Сондай-ақ оқыңыз