Неліктен Қазақстан әлемдегі ең қатал ақша-несие саясатын ұстанады?

Жарияланды
Ұлттық банк теңгені қолдау үшін валюталық интервенция жүргізуді бастады
Ұлттық банк ақша-несие саясатын қарашадан бері қатаңдатты / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Көптеген экономикаларда пайыздық мөлшерлемелердің төмендеу үрдісі жалғасып жатыр. ЭЫДҰ елдері мен басқа да ірі нарықтарға қатысы бар 30 экономика тобында 20 орталық банк 2024 жылдың төртінші тоқсанында мөлшерлемелерді төмендетті. Тек екеуі ғана көтерді. Ал экономикасы басым дамушы елдердің арасында (бұл топтағы 50 ел қатарына Қазақстан да кіреді) 16 орталық банк мөлшерлемелерді төмендетсе, бесеуі көтерді. Базалық мөлшерлемені көтерген 5 ел қатарында Қазақстан да бар.

Қарашаның соңғы күндерінен қаңтардың ортасына дейін теңге бағамының 6%-ға әлсіреуі Қазақстан макроэкономикасындағы басты оқиға болды. Теңгені бағамын тұрақтандыру мақсатында Ұлттық банк бірнеше рет интервенция жасады. Қарашада валюталық резервтерден шамамен 1,2 миллиард доллар сатылды. Желтоқсанда тағы 308 млн доллар жұмсалды. Айырбас бағамын түзету аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзінің қысқа мерзімді инфляция болжамын қайта қарап, қарашада 2025 жылдың соңына дейін күтілген инфляция деңгейін 5,5–7,5%-дан 6,5-8,5% дәлізінде болады деп түзетті.

Көпшіліктің және сарапшылардың да инфляциялық күтулері өсті. Мәселен, желтоқсан айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің макроэкономикалық шолуына қатысушылар инфляциялық күтулерді қарашадағы 6,9-дан 7,5%-ға дейін арттырды. Ал үй шаруашылықтары шокқа азырақ сезімтал болып отыр. Олардың алдағы жылға инфляциялық күтулері қарашадағы 14,1%-дан желтоқсанда 14,6%-ға дейін түзетілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өткен жылы көрсеткен өлшемдерін ескере отырып, қазір халықтың инфляциялық күтулерінің өсіміне қатысты нақты бір көрсеткіштерді келтіру қиын. Себебі осыдан тура бір жыл бұрын нақты инфляция 9,8%-ды құрағанда, қабылданған инфляция көлемі 18,2%, ал күтілетін инфляция 16,4% болды. Ал 2024 жылғы қазанда нақты инфляция ең төменгі көрсеткіштерге жетіп, 8,5%-ды құрады. Бұл кезде қабылданған және күтілетін инфляция тиісінше 12,7 және 12,5% деңгейінде болды.

Бюджеттік шығыстардың айтарлықтай өсуі аясында (бес жылдан астам уақыт ішінде) үй шаруашылықтары тарапынан бағаның өсуін тұрақты түрде жоғарылау мүмкін деп күтіледі. Оның әсері тұрғын үй құрылысының өсуімен күшеюі мүмкін. Оған қоса табиғи монополиялар субъектілерінің тозған активтерін қолдауға арналған коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуі де өз әсерін тигізбей қомайды.

Жалпы, операциялық көрсеткіштерден көптеген елдердегі сияқты Қазақстанда тұтынушылық инфляцияның тұрақтанғанын көруге болады. Мәселен, 2024 жылдың желтоқсанында бағалар қарашадағы 8,4%-дан 8,6%-ға артты.

Айлық мәнде тұтынушылық инфляция үшінші айда айтарлықтай жоғары деңгейде сақталды. Маусымдық факторға қарамастан, ел экономикасына тұрақты жоғары баға қысым жасап келді. Базалық инфляция (жеміс-жидек, көкөніс және энергия бағасын шегергенде) қазан мен қарашадағы 7,5%-дық көрсеткіштен, желтоқсанда 7,6%-ға көтерілді. Бірақ бұл ақша-несие саясатын қатаңдатуға негіз болмаса керек. Қараша айында базалық мөлшерлеме 1 пайыздық тармаққа көтеріліп, 15,25%-ды құрады. Бұдан кейін нақты мөлшерлеме 6,65%-ға жетті. Бұл соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткіш саналады.

Басқа дамушы елдермен салыстырғанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты ең қатал саясаттардың бірі болып көрінеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-несие саясаты комитеті 17 қаңтарда базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды.

Сондай-ақ оқыңыз