Темірлан Еңсебек араздық тудыру фактісі бойынша 2 айға қамалды

Жарияланды
Темірлан Еңсебек
Темірлан Еңсебек 2 айға қамалды / Фото: Qaznews24

Араздық тудыру фактісі бойынша қамауға алынған сатиралық Qaznews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебек 2 айға тергеу изоляторына қамауға алынды. Бұл туралы Qaznews24 инстаграм парақшасында жазылды.

«Темірлан Енсебекке тергеу барысында 2 ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданды. Естеріңізге сала кетейік, оны 174-бап бойынша «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру» айыбымен соттамақшы», – деп жазылған парақшада.

Еңсебекетің жақтастары бұл істің астарында саяси астар бар екенін айтып, Еңсебекті дереу қамаудан босатуды талап етті.

Еске сала кетсек, кеше, 17 қаңтарда Qaznews24 cатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебектің ұсталып, үйінде іздеу жүріп жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.  

Адвокат  Жанар Балғабаева тергеу сотының оған бұлтартпау шарасын талап етуі мүмкін екенін хабарлады.

Айта кетейік, сатирик Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі – араздық тудыру бойынша айыпталып отыр. Мұндай заңбұзушылық үшін екі мыңнан жеті мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салу жазасы немесе екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз