Израильдің министрлер кабинеті ХАМАС-пен атысты тоқтатуға келісті

Жарияланды
Атысты тоқтату туралы келісім жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8.30-да күшіне енеді / Фото: kursiv.media

Израильдің министрлер кабинеті ХАМАС-пен атысты тоқтатуға келісті. Бұл туралы Израиль басылымдары хабарлады.

«Сенбі күні таңертең Израиль үкіметінің барлық мүшелері Қауіпсіздік кабинеті жұма күні келісімді мақұлдағаннан кейін ХАМАС-пен атысты тоқтатуға келісті», – деп жазады The Times of Israel басылымы.

Бұл келісімді мақұлдауға бірнеше үкімет мүшесі қарсы болған. Олардың арасында елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бар. Бірақ көпшілік атысты тоқтатуды қолдаған.

Келісім, жексенбі күні, кепілге алынған алғашқы үш израильдік босатылған кезде күшіне енеді. Ал қалған кепілге алынған адамдар 42 күнге созылған келісім барысында босатылуы тиіс.

Бұдан кейін Қатар Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Маджед аль-Ансари мәлімдеме жасап, Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісімнің жексенбі күні Газа секторында жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:30-да күшіне енетінін хабарлады.

Әл-Жазира басылымның хабарлауынша, бұл келісім күшіне енетіні белгілі болған соң, Израиль Газа секторын атқылауды үдете түскен. Бірақ Қатар Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы газалықтарға барынша сабырлық пен сақтық танытып, ресми ақпараттарға ғана сенуге шақырған.

Айта кетейік, бұған дейін ХАМАС пен Израильдің атысты тоқтату туралы келісімге келгені, бірақ ресми Тель-Авивтің келісімді толық мақұлдамағаны айтылған.

Сондай-ақ оқыңыз