Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге жеделхат жолдап, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың қабылданғанына 20 жыл толуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз жеделхатында 2005 жылы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 20 жыл толғанын атап өтіп, бұл құжаттың екі ел арасындағы шекараның құқықтық тұрғыдан рәсімделуіне негіз болғанын айтқан.
«Жалпыға бірдей халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алған бұл тарихи құжат әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасын құқықтық тұрғыдан рәсімдеуге берік негіз қалады және елдеріміздің мызғымас достығының, тату көршілік пен одақтастық қатынастарының символына айналды», – деп жазылған президенттың құттықтау хатында.
Тоқаев сонымен берге көршілес екі елдің сан қырлы ынтымақтастығы алдағы уақытта да дамып, беки түсетініне сенім білдірген.