Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін, ғылыми-танымдық Qalam порталында жарияланған материалдар топтамасын ұсынамыз. Осы аптада Алиса Горбунованың астрология хақында тереңірек мағлұмат беретін «Ислам әлеміндегі астрология тарихы» атты құнды мақаласы жарияланды. Фотоархив айдарынан франк-венгр ғалымы Уйфальви де Мезоковездтің 1877 жылы Ақмола және Семей облыстарында түсірген фотосуреттерін көре аласыз. Ал Сорин Брут есімді автор Саид Атабековтың көшпенділердің дәстүрлі ойыны тақырыбындағы көрмесі туралы «Көкпар әлемі» мақаласын жариялады: онда бейнелеу өнеріндегі біз байқай бермейтін тың ақпараттар бар. Сонымен қатар Мағриб саяхатшысының дәмді қауынды қайдан табуға болатыны жайлы жазбасымен танысуға болады.
Ислам әлеміндегі астрология тарихы
Қызық, бірақ анық жайт: 21-ғасырда астрология өркен жайып келеді. Кей адам бұл құбылысты дүниежүзі бойынша діндарлық деңгейінің төмендеуімен байланыстырады. Дегенмен Құдайға сенуден бас тартқанына қарамастан, көпшілік келешекке қатысты үрейді сейілту үшін метафизикалық қолдауға мұқтаж. Сондықтан онлайн-сервистердегі болашақты болжаудың қолжетімді жүйесі діни тәжірибелерді ығыстырып шығаратын құралға айналуы мүмкін. Астрологияны күнделікті тұрмыста қолданып жүргендер де бұл дүниенің түп бастауы қайда жатқанынан аз да болса хабардар. Ал астрологияның қалай басталғаны және оның Орта ғасырдағы ислам әлемімен байланысты белгісіз тұстары жөнінде мына мақаладан тереңірек біле аласыз.
Бай қазақ, кедей қазақ
Қазақтың танымал этнографы, саяси қайраткері Әлихан Бөкейханов өз еңбектерінде 19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың басындағы бақуатты және жарлы қазақтардың тұрмысын жан-жақты зерттеп, әр аймаққа тән өзгешеліктерді толық сипаттап берген. Бұл екі топтың айырмашылығын атақты франк-венгр этнографы Шарль Эжен Уйфальви де Мезоковездің фотосуреттерінен байқауға болады. Ғалым 1876–1878 жылдары Франция үкіметі Сібір және Орталық Азияны аралауға жіберген экспедиция құрамында болған екен. Фотосуреттерді мына жерден көруге болады.
Көкпар әлемі
Алматыдағы Aspan Gallery-да Қазақстандағы заманауи өнердің негізін қалаушылардың бірі — Саид Атабековтың «Мың салт аттының дұғасы» экспозициясы ашылды. Суретші бұл туындысын өзі көп жылдан бері қызығушылық танытып жүрген көкпарға арнаған. Ұлттың өткеніне үңіле отырып, дәстүрдің мәнін зерттей келе, Атабеков қоғамның бөлшектенуі мен постколониялық жан жараның емін табуды көздейді. Сорин Бруттың көрме жайлы ой-әсерімен танысамын десеңіз, осы материалды оқуды ұсынамыз.
Ең дәмді қауын қайда?
Ең тәтті жеміс-жидек өсетін аймақтың қайда екені жайлы дау мыңдаған жыл бойы жалғасып келеді. Мұны Мағрибтың 14-ғасырда өмір сүрген атақты саяхатшысы Ибн Баттутаның жазғаны да растайды. Ибн Баттута — Ибериядан Қытайға дейін бүкіл Еуразияны аралап шыққан адам. Алтын Ордадан Үндістанға бара жатқанда Орталық Азияға да жолы түскен екені. Бұл сапарында саяхатшыға ең қатты әсер еткен дүниелердің бірі — жергілікті тұрғындардың әртүрлі әдіспен жейтін қауыны болыпты. Ең дәмді қауынды қайдан табамын десеңіз, мына жазбаны оқыңыз.