Жаңалықтар

Алматы мен Қаскелең арасындағы жол сегіз жолақты болады

Алматы мен Қаскелең арасындағы жол сегіз жолақты болады / фото: архив kursiv.media

Алматы мен Қаскелең арасындағы тасжол кеңейтіліп, 8 жолақты болады. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, сонымен қатар жол бойында бес көлік эстакадасы мен 12 жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір салынады.

Жобаның егжей-тегжейі

Құрылыс екі кезеңде жүргізілмек. Алғашқы кезең: Үлкен Алматы айналма автомобиль жолынан (ҮАААЖ) Қаскелең көпіріне дейінгі аумақ кеңейтіледі.

Екінші кезең: Қаскелең көпірінен Айтей ауылына бұрылысқа дейінгі жол бөлігі кеңейтілетін болады.

Бұл жоба Алматы агломерациясындағы көлік ағынын жеңілдету және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып отыр. Әсіресе, бұл бағыттағы тұрғындар санының көбеюіне байланысты көлік қозғалысының жүктемесі айтарлықтай артқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі 2025 жылы қалада шамамен 300 км жолға және 30 км жаяу жүргіншілер жолына жөндеу жұмыстарымен 35 км жаңа жол салу жоспарланғаны туралы мәлімдеген еді.