Әскерде жарақат алған Ербаян Мұхтардың денсаулығы жақсарып келеді – Инга Иманбай

Әскерде жарақат алған Ербаян Мұхтардың отбасына адвокат ретінде көмектесіп жүрген Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында Ербаянның денсаулығына қатысты соңғы жаңалықтарымен бөлісті.
Адвокаттың айтуынша, емдеу процесі жақсы нәтиже беріп жатыр, әрі дәрігерлер оң болжам жасап отыр.
Емдеу нәтижесінде:
- Басына жасалған операция сәтті аяқталды;
- Инфекция толық жойылды;
- Кататер мен мұрын зонды алынып тасталды;
- Ербаян салмақ қосып, робот көмегімен қозғала бастады;
- Өздігінен тамақтану қабілеті біртіндеп қалпына келіп жатыр.
Қазіргі уақытта Ербаян Мұхтардың емі Ыстанбұл қаласында жалғасып жатыр. Дәрігерлердің пікірінше, толық оңалу үшін уақыт қажет.
Еске сала кетейік, Ербаян Мұхтар әскерде жүріп, бас-ми жарақатын алғаннан кейін, комаға түскен. Министрлік оның азаматтық емханада қаралуына рұқсат бергенімен, емхана 15 тамызда сарбазды үйге шығарып жіберген. Осыдан кейін оның отбасы қазақстандықтардан көмек сұрап, Ербаянның еміне қаржы жинауға шот ашқан. Халық 140 млн теңге жинап берген.