Freedom Қазақстандағы шахмат дамуын неге белсенді қолдап жүр?
Шахмат – интеллектуалды спорт түрі ғана емес, елдің білім беру және мәдени дамуына ықпал ететін стратегиялық құрал. Freedom Holding Corp. корпорациясының шахматты қолдаудағы белсенділігі соңғы жылдары айрықша байқалып келеді. Компанияның басшысы Тимур Турлов 2023 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан шахмат федерациясының президенті ретінде елімізде шахмат мәдениетін дамытуға атсалысып жүр. Freedom-ның шахматқа қызығушылығы мен инвестициялары тек PR үшін емес, елдің цифрлық экожүйесін дамытуға бағытталған маңызды қадам.
Шахматты дамытудың мемлекеттік жоспары
2023 жылдың шілдесінде Қазақстан Үкіметі 2027 жылға дейін шахматты дамыту бойынша кешенді жоспарды қабылдады. Бұл құжаттың басты мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының шахматпен қамтылуын 20%-ға жеткізу. Жоспарға сәйкес, еліміздің 1400-ден астам мектебінде шахмат сабақтары енгізіліп, 200-ге жуық жаңа шахмат клубы ашылады. Сонымен қатар, аймақтарда шахмат үйлері мен аула клубтары ұйымдастырылмақ.
Спорттың жоғары жетістіктері де жоспардан тыс қалмаған. 2027 жылға қарай Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте үздік ондыққа енуі тиіс. Бұдан бөлек, қазақстандық шахматшылардың халықаралық турнирлер мен олимпиадалардағы медальдар санын арттыру және 20 жасқа дейінгі бес шахматшының халықаралық гроссмейстер атағын алуы көзделіп отыр.
Freedom Holding пен шахматтың байланысы
Freedom Holding шахматты қолдау арқылы тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де елдің беделін арттырып жатыр. 2023 жылдың желтоқсанында Нью-Йоркте өткен жылдам шахмат және блиц бойынша әлем чемпионатында корпорация бас демеуші болды. Турнирдің жалпы жүлде қоры $3 миллионды құраса, Freedom-ның бұл жарыстағы рөлі компанияның халықаралық аренадағы имиджін нығайта түсті.
Freedom Holding-тің шахматқа қолдау көрсетуінің бірнеше себебі бар:
1. Шахмат және қаржы әлемі
Freedom басшысы Тимур Турлов шахматты қаржы әлемімен байланыстырады. «Шахмат – қаржыгерлер, банкирлер, академиялық ғалымдар және ықпалды адамдар жиналатын үлкен клуб», – дейді ол. Шахматты қолдау арқылы компания өз желісін кеңейтіп, осы ортада өз орнын бекемдейді.
2. Халықаралық танымалдылық
Freedom Holding шахматқа демеушілік ете отырып, өзінің брендін әлемдік деңгейде танытуға мүмкіндік алды. Нью-Йорктегі турнир – соның жарқын дәлелі.
3. Шахматтың әлеуеті
Freedom басшысы шахматтың әлеуеті әлі де толық ашылмағанына сенімді. «АҚШ халқының 20%-ы шахмат ойнайды. Бұл ойынның қазіргі танымалдығы – тек бастамасы ғана», – деп есептейді Турлов.
Қазақстан шахматшыларының жетістіктері
Қазақстан шахматшылары халықаралық аренада белсенділік танытып жүр. Мәселен, Нью-Йорктегі әлем чемпионатында Бибісара Асаубаева рапидте сегізінші орын алып, блицте жетінші орынға ие болды. Ерлер арасында үздік нәтиже Қазыбек Нөгербекке тиесілі (22-орын).
Freedom Holding-тің шахматты дамытудағы белсенділігі тек PR үшін емес, ел болашағына инвестиция. Шахмат ойыны балалардың логикалық ойлауын, шешім қабылдау қабілетін және есте сақтау қабілетін дамытатыны белгілі. Бұл қасиеттер келешекте кез келген салада табысқа жетудің негізгі кілті.