2030 жылы гүл бизнесіндегі ақша айналымы 100 млрд долларға жетпек
Жарияланды
Әлемде гүл саудасы жыл сайын 6%-ға өсіп, 2030 жылы бұл нарықтағы ақша айналымы 100 миллиард долларға жетпек. Қазақстанда да бұл бизнес қарқынды дамып келеді.
Гүл саудасынан мол табыс тауып жүрген кәсіпкер Мажит Өмірхан өз құпияларымен бөлісті.
Мажит Өмірханның айтуынша, гүл саудасы – ақшаңызды тез айналдырып, қайтаруға болатын тиімді кәсіп. Өйткені гүл бағасына көбіне 50%-дан 100%-ға дейін үстеме қосылады. Оның үстіне гүл тез өтетін өнімдердің бірі. Бұл нарықтағы сұраныс әрдайым жоғары. Әсіресе, мереке күндері мен ерекше шараларда гүлдің өтімділігі күрт артады.
Толығырақ YouTube арнамыздан көре аласыз!