Трамп өзінің жеке криптовалютасын шығарды
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп өзінің жеке $TRUMP криптовалютасын таныстырды.
Криптовалюта алғашқы сауда сағатының өзінде 3 миллиард долларлық капитализацияға жетсе, сауда басталғаннан кейінгі бір жарым сағатта бұл көрсеткіш 4,3 миллиард долларға дейін өсті.
$Trump мемкоины – бұл Трамптың саясаттағы табыстарын атап өтіп, өзінің қолдаушыларын біріктіруге арналған арнайы жоба. Сарапшылардың пікірінше, бұл криптовалюта саяси ықпал мен жаңа экономикалық трендті үйлестірген ерекше бастама болып отыр.
Криптовалютаны алғашқы болып сатып алғандар қатарында Трамптың жақын қолдаушылары, ірі инвесторлар және криптовалюта нарығындағы белсенді трейдерлер бар. Сонымен қатар, $Trump монетасының саудасы блокчейн технологияларын қолдана отырып, толықтай ашық түрде өтеді деп күтіліп отыр.
Бұл жоба Трамптың саяси аренадағы беделін арттырып қана қоймай, жаңа цифрлық активтер арқылы экономикалық мүмкіндіктерге жол ашпақ. Қазіргі таңда $Trump мемкоины криптовалюта нарығындағы ең танымал әрі қызу талқыланып жатқан жобалардың бірі.