Қазақстан қарулы қақтығыс болуы ықтимал елдер тізіміне қосылды

Жарияланды
Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Давос форумы қарсаңында жүргізілген Global Risk Report зерттеуі Қазақстанды қарулы қақтығыс болуы ықтимал мемлекеттер қатарына қосты.

Есепте алдағы екі жылда қауіп төндіруі мүмкін жағдайлар туралы жазылған. Global Risk Report мұндай геосаяси тәуекел аймағына 12 елді кіргізеді. Оның ішінде Қазақстан да аталады,

Онда тәуекел аймағына кірген мемлекеттердің басшыларын биологиялық, химиялық немесе ядролық қару, өзге қатерлер мен геоэкономикалық қақтығыстар мазалайтыны жазылған.

Нақты елдер бойынша сын-қатерді қарастырғанда есеп Қазақстан туралы төмендегідей тәуекелдерді келдіреді:

  1. Қаруласқан қақтығыстар (мемлекетаралық, ішкі мемлекеттер арасындағы қақтығыстар, делдалдық соғыстар, төңкерістер және т.б.)
  2. Экономикалық құлдырау (мысалы, рецессия, стагнация)
  3. Су ресурстарының жетіспеушілігі
  4. Кедейлік пен теңсіздік (байлық, табыс)
  5. Инфляция

Global Risk Report – жыл сайынғы Давос дүниежүзілік экономикалық форумы қарсаңындағы жарияланады. Есеп жаһандық қауіптер желісінің жұмысына негізделген әрі жыл сайынғы жаһандық қауіптер ландшафтындағы өзгерістерді сипаттайды. Биылғы есеп академиялық ортаның, бизнес, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар және азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен жүргізілген қауіптерді қабылдау туралы зерттеулердің нәтижелеріне негізделген.

Биылғы Давос форумы Швейцарияның жиынмен аттас қаласында 2025 жылғы 20-24 қаңтар аралығында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз