Ресей президенті Владимир Путин Дональд Трампты АҚШ президенті ретінде қызметіне ресми кірісуімен құттықтап, Украинадағы соғыс мәселесінде келіссөздерге дайын екенін айтты, деп хабарлады RBK басылымы.
Владимир Путин Қауіпсіздік Кеңесінің жиынында қос ел арасындағы диалогтың үзілуін Байден әкімшілігінен көрді.
«Біз АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті мен оның командасының Ресеймен тікелей байланыстарды қайта орнатуға деген ниеттерін көріп отырмыз, бұл байланыстар біздің кінәмізден емес, бұрынғы әкімшіліктің тарапынан үзіліп қалған», – деді Путин.
Оның сөздеріне қарағанда, Кремль Трамптың үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алу қажеттілігі туралы айтқан мәлімдемелерін де естіп отыр.
«Әрине, біз мұндай көзқарасты құптаймыз әрі АҚШ-тың сайланған президентін қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз», – деп қосты президент.
Дональд Трамп жуырда Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында республикашыл губернаторлармен кездесу алдында журнаклистерге Путинмен келіссқз жүргізуге дайындық басталып кеткенін айтқан.
Ал Трамп әкімшілігінің Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлог Трамп Украинадағы соғысты реттеу мәселесінде Путинге жеңілдік жасауды жоспарлап отырмағанын жеткізген.