2024 жылы шетелдіктер 1,3 млрд долларға Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағазын сатып алған. Нәтижесінде мемлекеттік бағалы қағазға иелік ететін шетелдіктердің үлесі 1,9%-дан 4%-ға жеткен.
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының шолуында шетелдіктердің Ұлттық банк ноталарына құйған инвестициясы 10 еcе, ал Қаржы министрлігінің облигацияларына салған ақшасы 1,4 есе өскені жазылған.
2024 бейрезиденттер 104 млрд теңгеге Ұлттық банктің ноталарын сатып алды. Ал Қаржы министрлігінің облигацияларына салған қаржысы 445 млрд теңгеден 975 млрд теңгеге жеткен.
Сарапшылар 2024 жылы бюджет тапшылығын жабу үшін Үкімет мемлекеттік бағалы қағаздарды көптен шығарғанын жазады. Бір жылдың өсім 16%-ды құрап, 6 трлн теңге тартылған. Ал нарыққа шығарылған корпоративтік облигациялар көлемі бір жылда 128% өсім байқатып, 3,5 трлн теңгені құраған. Мемлекеттік бағалы қағаздардың кірістілігі тұрақты және басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда біршама жоғары.
Қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары мемлекеттік бағалы қағаздарға шетелдіктердің сұранысының артуына жоғары кірістілік себеп болғанын жазады. Шетелдіктер МБҚ-ға сұранысы теңгеге деген қысымды біршама азайтқан.
Бұған дейін де Қазақстан жеке инвестолар қауымдастығы шетелдіктердің МБҚ-ға сұранысы екі есе өскенін хабарлаған.
Десе де сарапшылар бұл нарықта бейрезиденттер қатары көбеюінің тәуекелі жоғары екеніне назар аударады. Өйткені дағдарыс бола қалса, шетелдік инвесторлар қазақстандық бағалы қағаздардан бірден бас тартуы мүмкін.