20 қаңтар күні Қазақстан қор биржасындағы сада-саттықта доллардың екпіні басылып, ұлтық валюта бағамы сәл-пәл нығайды. Сауда қорытындысында доллар/теңге жұбында шетелдік валюта курсы 529,8 теңгені құрады.
Сауда-саттық барысында доллар 0,75 теңгеге арзандаған. Бір күнгі сауда көлемі 208,9 млн долларды құрады.
Өткен апта аяғында Ұлттық банк теңгеге қысымды азайту үшін ішкі нарықтан алтын сатылп алып, ұттық валютадағы эмиссияны азайтамыз деп мәлімдеген. Осылайша бас банк ішкі нарыққа шығаратын доллар массасын көбейтуді жоспарлап отыр. Алайда нарық Ұлттық банктің бұл ақпаратына аса мән бермеген сыңайлы.
Алматы қаласының айырбастау пунктттері долларды 531-532 теңгеден сатып жатыр.
Алдыңғы аптада Қазақстан қор биржасында сатылған доллар көлемі өсті. Сол кезде сарапшылар Ұлттық банк интервенция жасап жатыр деген болжам жасаған.