Lifestyle

Қарлы боран, қалың тұман – 20 қаңтарға ауа райы болжамы

Ауа райы бүгін
Қарлы боран, қалың тұман – 20 қаңтарға ауа райы болжамы / Фото: shutterstock

20 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, ауа райы құбылмалы болады. Бұған Солтүстіктен келетін циклон әсер етеді. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Батыс, солтүстік, орталық және шығыс аймақтардың көп бөлігінде қар жауып, кей аудандарда боран қатты күшейеді.

Метеорологтар ел бойынша тұман, көктайғақ және боранның күшеюін болжап отыр. Сондықтан көлік жүргізушілерін алыс сапарларға шықпауға, жаяу жүргіншілерді көшелерде жүргенде абай болуға шақырады.

Астанада көшпелі бұлт, жаңбыр мен қарлы боран, көктайғақ, түнде температура −3–5 °C, күндіз -1 +1 °C.

Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, түнде температура -3 -5 °C, күндіз + 3 -5 °C.

Шымкентте Көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, түнде температура 0 -2 °C, күндіз + 9 -11 °C.