Астанадағы үшінші жылу электр орталығы 2025 жылы салынып бітеді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Астанадағы үшінші жылу электр орталығы 2025 жылы салынып бітеді / Фото: Астана әкімдігі

Астанада 2010 жылы салынып бастаған ЖЭО-3 2025 жылы толығымен іске қосылады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек айтып берді.

«Биыл құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3-ті аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл нысанның бірінші кезеңі 2023 жылдың күзінде аяқталып, пайдалануға берілген», – делінген әкім хабарламасында.

Қаланы жылумен қамтамасыз ету үшін елордада қосымша «Тельман» жаңа газ жылу станциясы салынуда.

«Қазіргі уақытта іргетасы мен қадалардың бітелуі бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл жоба елордада тағы 80 мың тұрғынды тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Телман» ГЖС құрылысын 2026 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз.», – деді әкім.

2023 жылдың күзінде Астанадағы ЖЭО-3 бірінші кезегі іске қосылған еді. 2023 жылдың жазында депутаттар елордада жылу тапшылығы мәселесін көтерген. 

ЖЭО-3 құрылысы он жылдан астам уақытты алып, пайдалану мерзімі бірнеше рет ауысқан. Тұрғындар станцияның жұмыс істемейтіні туралы айтып, алаңдаушылық білдірген. Бастапқыда құрылыс жұмыстары үшін бюджеттен 86 млрд теңге бөлінді. Кейіннен бюджет 122 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Қазір жобаның құны 175 млрд теңгеге дейін өскен.

Сондай-ақ оқыңыз