Жаңалықтар

Екі ауылдың әкімі мемлекеттік сатып алу кезінде бәсекелестікті шектегені үшін жауапқа тартылды

Екі ауылдың әкімі бәсекелестікті шектегені үшін жауап береді
Екі ауылдың әкімі бәсекелестікті шектегені үшін жауап береді / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Маңғыстау облысында екі ауылдың әкімі мемлекеттік сатып алу кезінде бәсекелестікті шектегені үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаменті хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, Түпқараған ауданындағы Таушық және Саин Шапағатов ауылдарының әкімдері мемлекеттік сатып алу кезінде қателік жіберген.

Дәлірек айтқанда, екі әкімнің аппараты да көшелерді жарықтандыру қызметтері бойынша конкурс өткізу кезінде бәсекелестікті шектеп, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындармен шарт жасасқан.

Өңірлік агенттік монополияға қарсы тұру үшін заңды акт енгізген. Осылайша екі ауылдың әкіміне 100 АЕК (393 200 теңге) көлемінде айыппұл салынған.

Айта кетейік, Қазақстанда мемлекеттік сатып алу жүйесінің жұмысы өзгеруі мүмкін. Оның ішінде дәл қызметті орындаушыны таңдауда өзгеріс болады. Яғни осы кезге дейін қызметті орындаушы компанияны арнайы комиссия таңдайтын болса, енді оны жүйе автоматты түрде таңдайды.