Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёл қамауға алынғаннан кейін, ел астанасы Сеулде жаппай наразылық шаралары өтті. «Рёнхап» агенттігінің жазуынша, наразылық акцияларына 44 мыңнан астам адам шыққан.
Қарсылық білдірушілер Юн Сок Ёлдің есімін ұрандатып, сот ғимаратын қоршап, жақын маңдағы ғимараттарды қиратқан. Жиналғандар полицияға қатты қарсылық көрсетіп, сот ғимараты жанында қойылған қоршауды бұзып шыққан.
Президенттің міндетін уақытша атқарушы Чхве Сан Мок әзірге наразылық білдірушілерге қатысты нақты мәлімдеме жасай қоймады. Тек ғимараттарды қиратпай, бөтеннің мүлкіне қол салмау туралы ескертулермен шектелді.
Қоршауда қалғанына қарамастан, сот қамауда отырған экс-президенттің қамаудағы мерзімін тағы 20 күнге ұзартты. Судья күдікті қылмыстың дәлелдерін жоюы мүмкін деген ойға келген.
Полицейлер сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасында бұрынғы президенттен жауап алу шаралары басталғанда қақтығыстар күшейеді деп қорқыныш білдірген. Билік полициядан көшедегі жағдайды ретке келтіруді талап еткен.
Айта кетейік, 2024 жылы елде әскери жағдай жариялағаны үшін президенттің үстінен қылмыстық іс қаралып бастаған. Ұзақ уақыт қарсылықтан кейін 15 қаңтарда президент өз еркімен құқық қорғау органдарына беріліп, қамауға алынған.