2025 жылдың көктемінен бастап елімізден Қытай, Вьетнам және Египетке жаңа тұрақты рейстер іске қосылады. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Наурыз айынан бастап Air Astana әуекомпаниясы Вьетнам бағытындағы жаңа рейстер ұсынады:
- Алматы – Нячанг (аптасына 4 рейс);
- Астана – Нячанг (аптасына 3 рейс).
Сонымен қатар Алматыдан Қытайдың Гуанчжоу қаласына аптасына 3 рет рейс орындалады.
Көктемгі-жазғы маусымнан бастап Air Cairo әуекомпаниясы Египетке бірнеше жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр:
- Қостанай – Шарм-эль-Шейх (аптасына 1 рейс);
- Алматы – Хургада (аптасына 2 рейс);
- Алматы – Эль-Аламейн (аптасына 1 рейс қайта ашылады).
Еске сала кетейік, бұған дейін Air Astana әуе компаниясы Астана мен Алматыдан Вьетнамның Фукуок қаласына ұшатын маусымдық рейстерін Нячанг қаласына ауыстыратыны туралы жазған едік.