20 қаңтарда дүйсенбіге қараған үні Израиль 90 палестикалық тұтқынды босатты. ХАМАС мұның алдында үш израильдік тұтқынды Тель-Авивке қайтарған.
ВВС-дің хабарлауынша, өткен апта жасаған бітімнің нәтижесінде, тараптар тұтқын алмасып жатыр.
Тұтқыннан босатылған палестиналықтардың ішінде 69 әйел бар. Оның бірі кәмелет жасына толмаған қыз. 21 жасөспірім жігіт бар. Олардың дені Батыс жағалаудың, қалғаны Шығыс Иерусалим тұрғындары.
Тұтқындарды Раммалаға әкелген автобусты мыңдаған палестиналық от шашумен қарсы алған.
Ал Хамас босатқан үш тұтқынның үшеуі де әйел. 2023 жылы 7 қазанда Supernova фестиваліне жасалған шабуылдан бастап, 471 күн бойы палестиналықтардың қолында болған.
Израильдің мәліметінше, сол шабуыл кезінде 250 адам тұтқынға алынған. 90 адам із-түссіз жоғалған. Сонымен қатар соғыс басталғанға дейін кепілге алынған тағы да 2 ер адам әлі Хамастың тұтқынында отыр.
Бостандыққа шыққан палестинкалық студент Бара Әл Фукха Израиль түрмесінде су мен тамақтан шектеу көргенін айтады.
Израиль тарапының айтуынша, жас қыздар мен жасөспірім жігіттердің біразы Израиль әскеріне тас лақтырғаны, біразы әлеуметтік желіде жазба қалдырғаны үшін ұсталған.
Айта кететін жайт, Қатар, АҚШ және Мысырдың араағайын болуымен Газа секторында бітім жасалды. 19 қаңтарда атысты тоқтату режимі күшіне енді. Бітімнің бастапқы кезеңінде Израиль 1 900 палестиналықты босатпақ. Ал Хамас 33 тұтқынды қайтаруға уәде берген.
Мұның алдында Газа секторындағы Израиль мен Хамас-тың атысты тоқтатқаны туралы жазғанбыз.