Марстағы АҚШ туы, Панама каналын қайтару, Мексика шекарасына жіберілетін әскер: Трамп инаугурациясында не айтты?  

Жарияланды
Трамп оңтүстік шекарада ұлттық төтенше жағдай жариялайды.

АҚШ Марсқа адам ұшырып, ту тікпек. Трамп Панама каналын қайтарып алмақ. Мексика шекарасына әскер жіберіп, заңсыз миграцияға біржола түкте қояды. Трамп бұл туралы инаугурациясында айтты.  

Дональд Трамп инаугурациясыда АҚШ-тың 45 және 47 президенті ел конституциясын бұлжытпай орындауға ант берді. Сонымен қатар, Трамп командасындағы бірқатар лауазымды тұлғалар да ант берді.

Инаугурацияға АҚШ-тың бұрынғы президенттері қатысты. Оның ішінде, Клинтон, Обама, Байден бар.

«АҚШ-тың алтын дәуірі басталды. Бізге бәрі қызығатын болады. АҚШ әрқашан бірінші орында болады», – деп бастады сөзін Дональд Трамп.

Оның айтуынша, АҚШ ұлы бола түседі. «Бұрынғысынан да, тарихтағыдан» да күшті бола түспек. Дональд Трамптың дәуірі – АҚШ үшін ұлттық жетістік дәуірі болмақ.

«Оңүстік шекарада ұлттық төтенше жағдай жариялаймын. Шекараны заңсыз кесіп өту тыйылады. Барлық заңсыз мигранттар келген жағына қайтарылады», – деді президент.

Трамп есірткі картельдерін террорлық ұйым деп аталатынын, ұйымдасқан қылмысқа қарсы соғыс ашатынын жариялады.

Дональд Трамп АҚШ-тың Панама каналын қайтарып алатынын ашық айтты. Оның сөзіне қарағанда, АҚШ бұл канал үшін қанша адамның өмірін мен қомақты қаржы жұмсаған. Оны Панамаға қайтарып берген. Трамптың пікірінше, бұл каналдан қазір Қытай кемелері өтуде.

Сонымен қатар, АҚШ Марсқа адам ұшырмақ. «Біздің астронавттарымыз Марсқа ұшып, АҚШ туын тігеді», – деді Трамп.

 «Мен – бітімгермін, соғыстарды, басталмаған соғыстарды да аяқтаймын» деді Трамп. Америкалықтар ешқашан араласпайтын соғыстар туралы да сөз қозғады.

Сонымен қатар, АҚШ-тың шекарасы кеңейетінін айтып қалды.

Сондай-ақ оқыңыз