Жаңалықтар

Трамп Ақүйге келді

Шай ішу дәстүрі аяқталған соң, жаңа президент пен ескі президент жұбайларымен бірге инаугурация салтанатына барады./Фото: Carlos Barria / Reuters

АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп жұбайы Меланиямен бірге Ақ үйге келді. Дәстүрлі шәй ішу рәсімін де өткізді.

Бұл туралы CNN хабарлады. АҚШ-тың саяси дәстүрі бойынша, кетіп жатқан президент Джо Байден мен оның әйелі күтіп алып, дастарқан басында бірге отырып, әңгіме-дүкен құруы тиіс.

«Байден мен Трамп жұбайларымен бірге Ақ үйде шай ішеді. Дәстүрге сай, биліктен кетіп жатқан президент сайланған президентті ант қабылдау салтанатты рәсіміне АҚШ-тың Капитолийіне ертіп барады», – деп хабарлады телеарна.

Шай ішу дәстүрі аяқталған соң, жаңа президент пен ескі президент жұбайларымен бірге инаугурация салтанатына барады.

Шай ішудің алдында Джо Байден әйелімен бірге Ақ үйдің алдында селфиге түскен.

Трамптар жұбын Әулие Ионна епископтық ғибадатханасының есігінің алдында Байден әйелі екеуі күтіп алған.

Айта кететін жайт, 20 қаңтарда Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кірісті. Америкалық БАҚ оның экономикалық бағдарламасының ықтимал салдарын сараптап жатыр.