Жаңалықтар

$TRUMP криптовалютасының құны екі күнде 578%-ға өсті

Дональд Трамп биткоины екі күнде 10 млрд долларға саудаланды / Фото:shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп биткоины бір тәулік ішінде 578%-ға өсті, ал жалпы сауда көлемі 10 млрд доллардан асты. Бұл туралы  CoinGecko платформасының деректерінен белгілі болды.

$TRUMP атты криптовалюта іске қосылғанда бір данасы 4,29 долларға бағаланған еді. Екі күннен кейін құны әбден көтеріліп, шырқау шегі 32,61 долларға дейін жетті. Қазір бағасы тұрақталып, 29,11 доллардан сатылып жатыр. Осы арқылы биткоин саудаға шыққаннан бері құны 578,5%-ға өскен болып отыр.

Дональд Трамп жеке криптовалютасын екі күн бұрын, 18 қаңтарда саудаға шығарған. Truth Social және X платформаларында биткоин жайлы жазба жариялаған. Сарапшылар бұл криптовалютаны саяси ықпал мен жаңа экономикалық трендті үйлестірген ерекше бастама деп бағалады.

Қызығы, оның биткоины мемкоин деп те есептеледі. Яғни жоба тым ұзаққа созылмауы мүмкін, тек қалжың және өсімі үстінен пайда табу үшін ғана жасалған. Ондай криптовалюта иелері алдын-ала мемкоин екенін ескертеді, бірақ оған қарамастан қолданушылар токендерді сатып алып, қысқа уақыт ішінде тез пайда тауып қалуға тырысады.

Жалпы Дональд Трамп криптовалюта нарығына қолдау білдіріп келеді. Тіпті Blomberg Трамптың криптовалютаны ұлттық маңызы бар жоба ретінде қабылдамақшы деген жоспарын жазған еді. Ал оның командасы президент әкімшілігі жанынан криптонарыққа жауапты құрылым ашуды жоспарлап отыр.