Қаржы мониторингі агенттігі Түркістан облысында жалған кепілдіктер рәсімдеу арқылы 1,9 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатқанын хабарлады.
«Қылмыстық топ «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі қара мал сатып алуға бағытталған субсидиялауға бөлінген жеңілдетілген кредиттер алудың алаяқтық схемасын пайдаланған» делінген хабарламада.
Ол үшін Кентау қаласында «Яссы-кредит НС » Кредиттік серіктестігі» ЖШС құрылып, іс жүзінде жоқ «Expert Consulting Group» ЖШС атынан жалған құжаттар мен мүлікті бағалаулардың жалған актілерін пайдаланған.
Мемлекеттік несие алу өтінімдерін қарау жөніндегі комиссияның төрағасы болып қызмет атқарған ұйымдастырушы қылмыстық схеманы әзірлеп, қатысушылардың әрекеттерін үйлестірген. Ол ықтималды қатысушыларды іздеп, олардың рөлдерін бөліп, жалған несиелер рәсімдеу процесін бақылаған. Сондай-ақ құжаттарды рәсімдеу үшін жеке тұлғаларды іздеуге нұсқау беріп отырған және бұрмаланған салыстыру актілерін жасауға қатысып, ай сайынғы төлемдерге бақылау жасаған, ал жымқырылған қаражат топ мүшелері арасында бөлініп отырған
Қылмыстық іс аясында 27 адам күдікті деп танылып, олардың 1 миллиард теңгеден астам мүлкі бұғатталған.
Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі цифрлық активтерді заңсыз айналымға шығару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп аяқтағаны хабарланған.