Жаңалықтар

Қарлы боран, дауыл және 35 градусқа дейін аяз – 21 қаңтарға ауа райы болжамы

Қарлы борын, дауыл және -35 дейін аяз – 21 қаңтарға ауа райы болжамы
Қарлы боран, дауыл және 35 градусқа дейін аяз – 21 қаңтарға ауа райы болжамы / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алдағы күндері Қазақстан аумағында солтүстік-батыс циклонының ықпалынан қатты аяз болады. Оңтүстік облыстарда -15 -25 градус, солтүстік облыстарда -35 градусқа дейін аяз күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» агенттігінің болжамында жазылған.

Синоптиктер болжамына сүйенсек, солтүстік аймақтарда қалың қар жауып, оңтүстікте қар аралас жаңбыр болады. Кең өңірлерде қардың арты боранға ұласуы мүмкін.

Республика аумағында тұман, көктайғақ және боран күтіледі. Желдің күшеюі 15-28 м/с дейін жетеді. Елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел екпіні 30 м/с жетуі мүмкін. Сондықтан жолаушыларға алыс сапарға шықпау туралы ескерту жасалды.

Астанада көшпелі бұлт шығып, қар жауады, түнде және күндіз температура -2 -4 °C.

Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, түнде температура -2 -4 °C, күндіз 0 -5 °C.

Шымкентте күн бұлтты, қар араласа жаңбыр жауады, түнде температура 0 + 2 °C, күндіз + 4-6 °C.