Огай мен Кимге тиесілі «Қазақмыс» шахтасында жұмысшы қаза тапты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
«Қазақмыс» шахтасында жұмысшы қаза тапты
«Қазақмыс» шахтасында жұмысшы қаза тапты / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

21 қаңтарда «Қазақмыс» компаниялар тобының Жезқазғандағы «Анненск» шахтасында 39 жастағы жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан 1985 жылы туған 5-разрядты ұнтақтаушы қаза тапты», – делінген компания хабарламасында.

Кәсіпорын оқиғаның себептерін анықтайтын болады. Істі тергеу үшін арнайы комиссия құрылған. Компания марқұмның ұжымдық шартта көрсетілген барлық көмекті көрсетіп, жерлеу шығындарын өтейді.

2024 жылдың 7 қазанында «Қазақмыстың» Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында екі жұмысшы қаза тапқан.

«Қазақмыс»  – құрамында он кеніш, бес тау-кен байыту фабрикасы, мыс зауыттары бар Қазақстандағы кен өндіретін ірі корпорация. Корпорацияның Қарағанды, Балқаш және Жезқазғанда өндіріс алаңдары бар. Негізгі акционерлері Қазақстандағы бай кәсіпкерлер – Эдуард Огайға мен Владимир Ким. «Kazakhmys Copper» АҚ арқылы Ким «Қазақмыстың» 69,37%-на, ал Огай 29,73% үлесіне иелік етеді.

Сондай-ақ оқыңыз