2025 жылы мұнайға сұраныс артады. Бұл туралы Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда Сауд Арабиясының мұнай компаниясы Aramco бас атқарушы директоры Амин Насер Reuters агенттігіне берген сұхбатында айтқан.
Компания басшысы мұнайға сұраныс төмендемейтініне сенімді. Айтуынша, 2025 жылы керісінше мұнайға сұраныс артып, күніне 106 млн баррельге жетуі мүмкін. 2024 жылы мұнайға сұраныс күнінен орташа есеппен 104,6 миллион баррельді құраған. Ал осы жылы сұраныс 106 млн баррельге дейін жетеуі мүмккін.
«Біз нарықтағы сұраныстың айтарлықтай төмендемегенін көріп отырмыз. Өткен жылы орташа тәуліктік сұраныс шамамен 104,6 миллион баррельді құраған болатын. Биыл бұл көрсеткіш қосымша 1,3 млн баррельге артуы мүмкін», – деп мәлімдеді Насер.
Сонымен бірге Амин Насер АҚШ-тың мұнай тасымалдайтын ресейлік танкерлерге салған санкциясы осы жылдың мұнай өндірісіне қаншалықты әсер ететініне де қатысты пікір білдірген. Айтуынша, санкциялар күніне 2 млн баррельге дейінге мұнайға салқынын тигізеді. Бірақ бұл көлемнің нарыққа қаншалықты әсер ететініне қатысты болжам жасау үшін әлі ерте.
Айта кетейік, сарапшылар 2025 жылдан кейін мұнайға деген жаһандық сұраныс құлдырайды деп болжап отыр. Мамандар пікірінше, әлімдегі мұнай көлемінің 40%-ын тұтынып отырған ҚХР-да электромобильдер санының артуына байланыссты, бұл шикізат қажеттілігі азаюы мүмкін.