Мұрат Нұртілеу Беларусь елшісін қабылдады
Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Беларусьтің Қазақстандағы елшісі Павел Утюпинді қабылдады.
«Сыртқы саяси ведомствосының басшысы қазақ-белорус стратегиялық серіктестігінің деңгейін жоғары бағалап, П. Утюпинге Қазақстан мен Беларусь арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға күш салғаны үшін алғысын білдірді», – делінген СІМ хабарламасында.
Беларусь елшісі Қазақстанда қызмет атқарған кезінде оған көрсеткен тұрақты қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, қазақ-белорус қатынастарының қарқынды дамуына сенім білдірген.
Кездесу соңында Министр М. Нұртілеу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан елші П. Утюпинге екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан зор үлесі үшін алғыс хатын тапсырып, оның кәсіби қызметіне табыс тіледі.
Мұның алдында <еларусьтің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып жаңа тағайындалған Алексей Богдановтың тағайындалғаны туралы хабарлаған едік.