Жаңалықтар

Мұрат Нұртілеу Беларусь елшісін қабылдады

Беларусь елшісі Қазақстанда қызмет атқарған кезінде көрсетілен тұрақты қолдауы үшін ризашылығын білдірді/фото: gov.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Беларусьтің Қазақстандағы елшісі Павел Утюпинді қабылдады.

«Сыртқы саяси ведомствоның басшысы қазақ-белорус стратегиялық серіктестігінің деңгейін жоғары бағалап, П. Утюпинге Қазақстан мен Беларусь арасындағы екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға күш салғаны үшін алғысын білдірді», – делінген СІМ хабарламасында.

Беларусь елшісі Қазақстанда қызмет атқарған кезінде оған көрсеткен тұрақты қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, қазақ-беларус қатынастарының қарқынды дамуына сенім білдірген.

Кездесу соңында Министр М. Нұртілеу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан елші П. Утюпинге екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан зор үлесі үшін алғыс хатын тапсырып, оның кәсіби қызметіне табыс тіледі.

Мұның алдында Беларусьтің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып Алексей Богдановтың тағайындалғаны туралы хабарлаған едік.