Сирия Ресеймен жасалған келісім-шарттан бас тартты

Жарияланды
2019 жылы Ресей Тартус портын 49 жылға жалға алу туралы Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадпен келісім жасаған болатын. /фото: KursiveMedia мұрағаты

Сирияның жаңа билігі Ресейдің «Стройтрансгаз» компаниясымен жасалған Тартус портына салынатын инвестиция туралы келісім-шарттан бас тартты.  Бұл қалада Ресейдің шетелдегі жалғыз әскери-теңіз флотының базасы орналасқан.

Бұл туралы al-Watan-ға берген түсініктемесінде Тартус кедені директоры Рияд Джуди хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, порттан түсетін табыс Сирияның игілігіне жұмсалады. Теңіз портының қызметкерлері мемлекеттік басқаруына өткен. Джудидің айтуынша, Ресей келісім-шартқа қарамастан, портты жаңғыртпаған. Жаңа билік ескірген құрал-жабдықтарды өз бетінше жаңартпақ.

2019 жылы Ресей Тартус портын 49 жылға жалға алу туралы Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадпен келісім жасаған болатын. Теңіз портын жаңғыртуға 500 млн АҚШ долларын бөлу көзделген еді.

Желтоқсан айында Ресей Тартустағы кемелерін әкете бастады. Сирияның жаңа билігі қалған қару-жарақ пен техниканы әкетуге рұқсат бермей отыр. OSINT-зертеушілердің мәліметінше, ол жерде ресейлік Адмирал Григорович және Адмирал Головко кемелері, Иван Грен десанттық кемесі, Вязьма және Скобелев танкерлері, Sparta и Sparta II логистикалық кемелері тұр.

Тартус айлағы – Сириядағы көлемі жағынан екінші порт. Ресейдің әскери базасы Жерорта теңізіне тікелей шығуға мүмкіндік беріп келген.

Жеңіліске ұшырап, Сириядан қашуға мәжбүр болған Башар Асадтың Сирия орталық банкінен Ресейге ұшақпен екі тонна қолма-қол ақша жеткізгені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз