Қазақстандық стартап америкалық реалити-шоуға қатысып, 1 млн долларға таласып жатыр
Қазақстандық Investbanq стартабы танымал Meet the Drapers реалити-шоуының жетінші маусымының қатыспақшы. Бағдарлама аясында әлемнің түрлі елдерінен жиналған стартаптар инвесторлар алдына өз жобасын таныстырып, басты жүлде 1 млн долларға таласпақшы.
Meet the Drapers — стартаптар нарығындағы танымал шоудың бірі. Қатысушылар әлемдік инвесторлар әулеті Дрейперлер отбасына өз идеяларын ұсынады. Әділ қазылар қатарында Tesla мен Skype-тің алғашқы инвесторларының бірі Тип Дрейпер бар.
Осы жылғы маусымда шақырылған қазылар ішінде Kaspi.kz негізін қалаушысының бірі Михаил Ломтадзе, Freedom Holding Corp холдингінің иесі Тимур Турлов және Qazaqstan Investment Corporation өкілі Айнұр Қуатова да болады. Шоу кезінде қатысушылар тек әділ қазылардың ғана емес аудиторияның да назарын аудара білуі керек.
Investbanq — Орталық Азиядағы акция, облигация тәрізді инвестициялық мүмкіндіктерге қолжеткізуге мүмкіндік беретін платформа. Нарықтағы қатысушыларға капиталды тиімді басқару бойынша құрылғылар ұсынады.
«Meet the Drapers-ке қатысу – біздің стартабымызды халықаралық аренада таныстыратын үлкен мүмкіндік. Біз Қазақстанды таныстыратынымызды мақтан тұтамыз және жерлестеріміздің қолдауына үміт артамыз», – деді Investbanq негізін қалаушы Олжас Жиенқұлов.
Investbanq тобы қатысатын эпизод 24 қаңтарда шоудың сайтында жарияланады.