Көлігі барлар 2025 жылы қанша салық төлейді?
Қазақстандағы көлік иелері осы жылдың бірінші сәуіріне дейін 2024 жылдағы көлік салығын төлеуі керек. KursivMedia осы жылы қазақстандықтардың көлік салығын есептеп көрді.
ҚР Салық кодексінің 492-бабына сәйкес, елдегі көлік алымы АЕК және салық мөлшерлемесі негізінде есептеледі (2024 жылы АЕК көлемі 3692 тг болды). Ең көп салықты қозғалтқыш көлемі үлкен көліктер төлейді, шамамен 740 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Салық мөлшерлемесінің санаттары
- Қозғалтқыш көлемі 3 литрге дейінгі көліктер 1-9 АЕК аралығында салық төлейді. Ол шамамен 3 692 теңге – 33 228 теңге аралығында.
- Көлемі 3 литрден жоғары,Қазақстанда шығарылған және 2014 жылға дейін әкелінген көліктер 15 АЕК-қа тең немесе 55 380 теңге алым төлейді.
- Көлемі 4 литрден жоғары және 2014 жылға дейін әкелінген көлік иелері 117 АЕК немесе 431 964 теңге төлеуі тиіс
- Көлемі 3 литрден көп, бірақ 2014 жылдан кейін кіргізген көлік иелері 35-200 АЕК аралығында салық төлейді. Теңгеге шаққанда 129 220 – 738 400 мың теңге аралығындағы соманы құрайды.
Қозғалтқыш көлемі 1,5 литрден жоғары жеңіл машина болса, онда 1,5 литрден асқаннан кейін әрбір текше сантиметр үшін 7 теңгеден қосылып отырады. Мәселен, көліктің көлемі 1,8 литр болса, артық 1,5 литрден асып кеткен әрбір текше сантиметр үшін 7 теңге төлеуі қажет. Машинаның ең бірінші рет мемлекеттік тіркеуден өткен уақытына да ерекше назар аударылады.
Салықты қалай төлейді?
Салық көлемін Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан (МКК) есептеп шығаруға болады. Ал төлемді мемлекеттік онлайн-сервистер немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады.
2026 жылы көлік салығы қандай болады?
2025 жылы АЕК көлемі 3 932 теңгеге өсті. Бұл дегеніміз 2026 жыл үшін салық төлемі 6,5%-ға көбейеді. Сондай-ақ келесі жылы жаңа Салық кодексі де енгізілетінін ескеру керек. Жаңа құжат қабылданса, жылы 10 жылдан жоғары көліктер және Қазақстанға 2014 жылдан кейін үшін салық көлемі төмендеуі мүмкін.
2023 жылғы көлік салығының мөлшері қандай болғаны туралы мына жердегі материалда жазылды.