Қазақстан нарығына Starlink-тың қытайлық бәсекелесі шығады
«Астана» халықаралық қаржы орталығында жарғылық капиталы 17 млн доллар болатын Spacesail Kazakhstan Limited атты компания тіркелді. Ол қытайлық спутник интернетінің провайдері Spacesail International Limited-тің еншілесі ұйымы. Бұл жүйені мемлекеттік Shanghai Spacecom Satellite Technology компаниясы жасаған. Оны Илон Масктың әйгілі Starlink-тің бәсекесі ретінде қарастырады.
Бұған дейін Shanghai Spacecom Satellite Technology мен ҚР Цифрлық даму министрлігінің арасында келіссөздер жүргізіліп жатқаны хабарланған еді. Қытайлық тарап спутниктік интернетті жергілікті байланыс арналарымен біріктіру үшін елде арнайы станциялар орнатуға дайын екенін білдірді.
Қазақстан спутниктік технологияларды белсенді түрде дамытып жүр. 2025 жылы республика нарығында OneWeb және Amazon Kuiper тәрізді спутниктік интернет провайдерлері келуі жоспарланып жатыр.
Ел нарығына келген компания бұл ғана емес. «Астана» халықаралық қаржы орталығында жаңа қытайлық компания тіркелді. Жаңа қаржы ұйымы – Kazakh-Chinese Trade and Logistics Company (Almaty) Ltd. деп аталады, жарғылық капиталы 26 млн доллар.